Атыраудағы ауруханада егеуқұйрықтар қаптап кетті
Сондықтан жүкті және босанған әйелдер жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған ғимаратқа көшірілген. Олар әлеуметтік желіде жөндеу жұмыстарының сапасыз екенін айтып шағымданды. Ғимарат ішінің салқын, тіпті терезе перделерінің де жоқ екенін жазған еді. Қазір мәселенің мән-жайы зерделеніп жатыр.
Альмира Сабырғалиева, облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:
- Кеше қатты жел болған кезде ол жерде егеуқұйрықтар пайда болды. Біздің қызметкерлер көріп, содан кейін төбеде жүріп кетті. Ол жерде дератизация жұмыстары жүріп тұрды. Үнемі жасалып тұрды. Бірақ ол даладан жылы жерге тығылды ма, медицина қызметкерлері бар, ол жерде кішкентай нәрестелер жатыр ғой, сондықтан ол жерде ұзақ болу да қиын.
Алтынгүл Сәтиева, қала тұрғыны:
- Басында келгенде аздап салқын болды. Келгеннен кейін ішті жылытып берді. Пеш қойып берді. Кейін терезелерді жауып берді.