Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған
Қарағанды облысында жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптасырып жүрген қоғам өкілдері мен тілшілер және мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Салтанатты шара БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Қарағанды облысында биыл жыл бойына жемқорлыққа қарсы күрес қағидатын қалыптастыру бойынша 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған. Оған облыстың 90 мыңға жуық тұрғыны атсалысты.
Арслан Мыңғышев, ҚР СЖҚІҚА облыстық Департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары
- Осы биыл білім, денсаулық және жер қатынастары саласында біздің департаментпен сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Сыртқы талдау барысында бөлінетін бюджет саласында тәуекелдер анықталды. Ол дегеніміз білім саласында ақша жымқыру фактілері, жұмыс істемейтін адамдарды жұмыс істеді деп ақша жіберу мәселесі сондай тәуекелдер анықталды.
Жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының жүйелі жүруіне қоғам өкілдері де атсалысып жатыр. Соның ішінде облыс бойынша Осакаров, Шет және Бұқар жырау ауданының тұрғындары белсенді. Олар «Адал бол LIKE» марафонында азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Жомарт Әбіш, «Облыстық Жастар мен балалар ұйымдарының одағы» ҚБ төрағасы:
- Біздің нысаналы тобымыз жастар. Осы жастармен қоғамдық сананы қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру бағытында ауқымды шаралар жүргізіп жатырмыз. Атап айтқанда бұл ақпараттық түсіндірме жұмыстары университет, колледж, мектептер арасында адалдық бағытында. Пайда болу, оның алдын алу жолдары тақырыптарында.
Шара барысында журналистер арасындағы облыстық конкурстың жеңімпаздары да марапатталды. Байқау 5 аталым бойынша ұйымдастырылған. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпал деп танылғандарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар.