Жасанды интеллект көмегімен онкологиялық ауруларды ерте әрі жылдам анықтауға болады
Назарбаев университетінің инновациялық кластерінде тәлім алған студенттер осындай тың жоба ұсынып отыр. Әлімжан Қасыбаев бастаған жастар арнайы платформада компьютерлік томографияның сараптамасын дәрігерлер асқан дәлдікпен оқи алатынын айтады. Яғни консилиум немесе басқа да қосымша білім қажет болмайды. Жас өнертапқыштың айтуынша, аталған жаңашылдық онкологтарға көмекші бола алады. Оның үстіне Қазақстанда қазір жүздеген онколог жетіспейді. Бүгін ол аталған стартапты инвесторларға ұсынды.
Әлімжан Қасыбаев, студент:
-Біздің жоба арқылы обыр ауруын әдеттегі скринингтен 4 есе жылдам әрі нақты дәлдікпен анықтауға болады. Мәселен, бір дәрігер мұның көмегімен бір мезетте 10 шақты адамның компьютерлік томографиясының сараптамасын қарай береді. Платформа 35 жылдық тәжірибесі бар онкологты алмастыра алады.