Президенттік жастар кадр резерві: 100 кандидат суырылып шықты
6 мың үміткерден 100 кандидат суырылып шықты.
Президент жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы мәреге таяп қалды.
Айта кету керек 1 орынға 128 үміткерден қатысты. Қазір ақтық кезең өтіп жатыр. Еске сала кетсек, 2019 жылдан бері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы түрлі лауазымдарға осы резервтен 270 жас маман тағайындалған. Олардың 33 саяси, бесеуі – «А» корпусындағы әкімшілік лауазымдарда қызмет атқарады.
Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- 1 қыркүйектен бастап 6404 үміткер өзінің құжаттарын тапсырған болатын. Қазіргі кезде 5 кезеңне өтіп, бүгінгі ұлттық комиссияның отырысына 100 үміткер қатысып жатыр. Осы комиссиямыздың негізгі қортындысы бойынша 50 үміткер іріктеліп алынады.