Президенттік жастар кадр резерві: 50 жас іріктеліп алынды
Тағы 50 жас басшылық лауазымға тағайындалуға мүмкіндік алды. Президенттік жастар кадр резервіне қабылданғандардың алғашқы кездесуі өтті.
Дені – шетелде білім алған магистрлер мен тәжірибелі мамандар. Әрқайсының 5 жылдық еңбек өтілі мен жоғары білімі бар. 6 мыңнан аса үміткердің арасынан 6 кезеңде де оқ бойы озып шыққан жастар, енді өз саласы бойынша елді өркендетуге ниетті.
Фарида Төлебаева, резервші:
- Менің таңдаған салам – цифрлық сала. Өзімнің тарапымнан жалпы телекомуникациялық, инфрақұрылымдық жобалармен айналысып, өзімнің елімнің дамуына үлесімді қосамын деген ойдамын.