Qarmet қайта жанданды
Бүгін Qarmet компаниясының қызметі бойынша Үкімет басшысы жаңа инвестор және орталық мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен жұмыс тобының отырысын өткізді. Белгілі болғандай желтоқсан айында кәсіпорында өндіріс көлемі артып, феррорқорытпа мен көмір қоры өскен. Жұмысты тұрақтандыруға 28,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылыпты. Премьер-министр компанияға алдағы жылға бірнеше міндеттерді жүктеп, негізгі шешімдерді қабылдауға бір апта мерзім берді. Айта кетсек 2024 жылы жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндіріс көлемін ұлғайту, инвестиция тарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, экологиялық ахуалды жақсарту үшін газға көшу сияқты міндеттер қойылып отыр.