Абай облысында қызылша дерті өршіп тұр
Қызылша мен өзге де жұқпалы ауруларды емдеген кезде ыстық түсіретін дәріні қолданбаған абзал. Абай облысының бас балалар инфекционисті жергілікті халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Дәрігерлердің айтуынша, көптеген ата-ана баланы өз бетімен емдеймін деп жағдайды одан әрі ушықтырады. Қазір өңірде 102 адамнан қызылша дерті анықталған. Науқастардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Оның 70% жуығы екпе алмаған.
Имдат Эфендиев, облыстың бас балалар инфекционисті:
-Егер сіздер баланың ыстығы түспей, аяқ-қолы суық тартқанын байқасаңыздар, өз беттеріңізбен емдемеңіздер. Парацетамол мен ибуфенді үсті-үстіне берудің қажеті жоқ. Парацетамолдан уланған жағдай да тіркелді. Екі апта бұрын бір бала осылай ауруханаға түсті.