Астанада 9 айлық балаға операция жасалды
Астанаға жапонның білікті балалар хирургі Атсуюки Яматака мырза келді. Бір апталық жұмыс сапарында танымал дәрігер орта және ауыр дәрежедегі операциялар жасайды. 30 жылдан аса тәжірибесі бар маманның ем-дом жүргізуде өз тәсілдері бар. Нақтырақ айтсақ, бүгін тоғыз айлық баланың тік ішегіне операция жасады. «Ішкі органдары толық дамымаған балаларға күрделі операция жасау қиынның қиыны»,— дейді мамандар.
Атсуюки Яматака, Хунтендо медициналық университетінің профессоры:
-Қазақстанға мен бірінші рет келіп отырмын. Дәрігерлердің біліктілігі көңілімнен шықты. Кеше біз бірлесіп 11 баланы қарап шықтық, ал бүгін екі балаға ота жасадық. Апта соңына дейін өзімнің білген-түйгенімді осындағы дәрігерлерге айтып, көрсетіп беремін. Мүмкіндік болса 12 балаға ем жасасам деген жоспарым бар.