Петропавлдықтар аязда жылусыз қалды
Ал Петропавлдағы жылу желілерінде екі ірі апат болып, халық жылусыз қалды. Бұған қоса көпқабатты үйлердің ауласын су басқан. Жауапты мекеме басшыларының мәліметінше, қазір 28 көпқабатты тұрғын үй, 6 жеке тұрғын үй мен балабақша, сондай-ақ 11 нысан жылусыз қалған. Мамандардың айтуынша, қазір жылу желілерінің 74% тозып тұр.
Лиана Долганова, кәсіпкер:
-Алдымен біздің шағын дүкенімізді су басты. Жақында ғана миллиондаған қаржыға тауар әкелгенбіз. Енді оның қандай жағдайда екенін біле алмай отырмыз. Ішке кіргізбейді. Сауда нүктесіне жөндеу жүргізгенбіз. Оның бәрі зая кетті.
Виталий Холоша, «Петропавл жылу желілері» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы:
-20 шақты үй жылудан ажыратылды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жылу желілерінің салынғанына 50 жылдан асты. Дегенмен жыл сайын жоспарлы жөндеу жүргіземіз. Сонда да осындай қиындық туындап отыр.