Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Ресей жалпы құны $14 млрд тұратын жобаларды пысықтап жатыр

Қазақстан мен Ресей машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібінде жалпы құны 14 млрд доллар болатын 67 бірлескен жобаны пысықтап жатыр. Жүзеге асса, 11 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы бүгін Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің Мәскеуде өткен кездесуінде айтылды. Қазақ Премьер-Министрі қос ел арасындағы байланыстың беріктігін тілге тиек етті. Қазіргі таңда екі елдің бизнес субъектілері құны 26,5 млрд доллар болатын 135 жобаны іске асырып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба бермек.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
-Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша жемісті дамып келеді. Маңызды бағыт – өнеркәсіп кооперациясы. Ол қазірдің өзінде өзара табысты іс-қимылдың нақты көрінісіне айналып отыр. Екі ел үкіметтері елдеріміздің көшбасшылары қол жеткізген барлық уағдаластықтарды іске асыру үшін бар күш-жігерін салады