Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеден беріледі
Қазір аймақта көзі тірі 5 ардагер бар. Бір реттік төлемнен бөлек, қарт майдангерлердің дәрі-дәрмек пен басқа да қажеттілігін қамту, коммуналдық төлемдерін өтеу секілді түрлі көмек көрсетіледі. Оған қоса өңір кәсіпкерлері де оларды мереке қарсаңында сый-құрметке бөлеуге асығады. Тыл ардагерлері мен ауған соғысының қатысушылары да назардан тыс қалмайды. Оларға арнайы сыйақы беріледі. Жалпы Ақмола облысынан қан майданға 90 мыңға жуық адам аттанса, олардың жартысынан астамы шайқас даласында қаза тапты.
Шияп Әлиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Күнде сол бақылауда. Жалғыз біздің қалада емес, облыс бойынша бақылауға алынды. Олардың қандай мәселелері бар, уақытында шешіліп отырады. Ол жағынан ешқандай шағым жоқ. Туыстарымен, бәрімен хабарласып отырамыз.