Хабар телеарнасы

Қазақстанда магистрлік бағдарлама жаңа мамандықпен толықты

Алдағы оқу жылынан бастап «интеллектуалды меншік және кәсіпкерлік құқық» саласындағы жаңа Заң магистрі бағдарламасы енетін болды. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен еліміздің әділет, сондай-ақ ғылым және жоғарғы білім министрліктері арасында Меморандумға қол қойылды. Мұндай бірлескен магистрлік бағдарлама әлемнің 14 елінде бар. Ал Еуразия кеңістігіндегі алғашқы және жалғыз жоба Қазақстанда қолға алынды. Жиынға қатысушылар интеллектуалды меншік бағытына маман дайындау, отандық ғылымның, технологияның және инновацияның қарқынды дамуына сеп болатынын айтады.

Абай Абылайұлы, М.Нәрікбаев атындағы университеттің халықаралық құқық мамандығының директоры:
-Біз қазір 15 бала қабылданады деп күтіп отырмыз. Оның 10-ы Білім министрлігінің грантымен, бесеуі - халықаралық ұйымның грантымен оқытатын мамандар. Бесеуі дүниежүзілік меншік ұйымынан болады жән 4-дің екеуі біздің университеттен, 2-уі Әділет министрлігі жүйесінен болады. 

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
-Бүгінгі заманада зияткерлік құқық меншігінің рөлі ерекше артуда және осы салада магистрлық құқық жаңа бағдарламасын ашу бұл ел үшін үлкен пайдасын тигізетін сала деп ойлаймыз. Тек қана өлең шығару емес, нақты технологиялық, техникалық жаңа жетістіктерді құқықтық тәртіпте, құқықтық салада реттеу. Мына жасанды интеллект сияқты осындай үлкен мәселелерді құқықтық реттеу өте бір маңызды сұрақ болып табылады.