Хабар телеарнасы

Биыл 33 орман өрті тіркелді

Биыл өрт қауіпті кезеңі басталғалы бері 33 орман, 148 дала өрті тіркелді. Айта кетсек, аталған кезең оңтүстік өңірлерде 20 наурыздан, өзге өңірлерде 8 сәуірден басталды. Табиғи өрттің алдын алу мақсатында төтенше қызметтер орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп 175 өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын жүргізген. Орман күзетінің 1300 қызметшісі оқу курстарынан өтіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 900 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Орман шаруашылықтарындағы өрт сөндіру техникаларының дені тозған. Техника паркін жаңарту мақсатында 2025 жылға дейін 70 млрд-тай теңгеге 1 мыңнан астам өрт сөндіру техникасын алу көзделіп отыр, биыл 15,5 млрдқа жуық қаражат бөлінбек. Ал өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі және дала аумағындағы өрттерді жою үшін ерікті өртке қарсы құралымдары тартылмақ. 

Марғұлан Аманбаев, ҚР ТЖМ өртке қарсы күрес қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
-Ол жерде 241 ерікті өрт сөндіру құрылымдары бар. Оның ішінде 38 мың адам қызмет атқарады және де 2289 команда бар. Сонымен қатар әкімдіктер өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерді қорғау үшін бүгінгі таңда республикалық 720 өрт сөндіру бекеті құрылды.