Хабар телеарнасы

Қарағандыда алдағы жылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Қарағандыда алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына 21 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға №1 және №3 жылу энергия орталықтарында жөндеу жүргізіліп жатыр. Екі қазандық пен 2 турбина қалыпқа келтірілуде.

Өткен қыста орталықтың 5-і қазандығында ақау шығып, 6 тәулік бойы тоқтап қалған еді. Бүгінгі таңда сол қазандыққа күрделі жөндеу жүруде.

Жыл өткен сайын қала аумағы үлкейіп келеді. Жаңадан салынған тұрғын үйлерге құбыр тартылып жатыр. Кестеден кешіккен жағдайда оларға төлқұжат берілмейді.

Ернар Хасенов, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің департамент басшысы:

- Жалпы қазіргі уақытта  қысқа дайындық төлқұжатын алмағаны үшін штраф салынады. Ол 150-300 МРП . Бірақ қазір тиісті заңға өзгеріс енгізілді. Осы штрафтың көлемі 10 есе ұлғайды. Неге десеңіз, ол алдағы жылыту маусымына сапалы әрі уақытылы дайындау.