Хабар телеарнасы

Алматы облысында тұзды жеңіл тағамдар өндіретін зауыт салынады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов PepsiCo трансұлттық корпорациясының Орталық Азия, Ресей, Беларусь және Кавказ өңірлері бойынша президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Олар бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен PepsiCo президенті арасында қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру жайын талқылады. Әңгіме Алматы облысында Lays қытырлақ картоптары секілді тұзды жеңіл тағамдар өндіретін зауыт салу жобасы хақында. Зауытты 2026 жылы іске қосу көзделген. Жылына 16, ал 2027 жылдан бастап 21 мың тонна өнім шығаратын болады. Дайын өнім Орталық Азия нарығы мен одан тысқары жерлерге жеткізіледі. Өнімнің негізгі компоненті картопты еліміздің фермерлерінен алу көзделген. Айтпақшы олар қазір сынақтық партиясын жеткізуге келісімшарт жасасып жатыр. Ал зауытта өнім қалдықтары 100% қайта өңделетін болады.