Хабар телеарнасы

Алматыда жаңа зауыт ашылды

Алматыда жол ережесін бақылауға арналған мобильді кешендерді шығаратын зауыт ашылды. Түркиядан әкелінген технологиямен жасалатын құрылғылар автобустарға, өрт сөндіру, жедел жәрдем және полицияның қызмет көліктеріне орнатылады. Сонымен қатар оларды жол бойындағы бағанаға да орнатуға болады.

Мамандардың пікірінше, жаңа технология жол ережесін бұзуды 40%-ке азайтады. Зауыт бастапқыда 600 дана мобильді кешен жасайды. Ал 2025 жылы 1000 мобильді және 1000 стационарлы құрылғы жасамақ.

Жобаның инвестициялық құны - 64 млрд теңге. Кәсіпорын басшысының айтуынша, болашақта құрылғылардың түрі көбейеді. Ұшқышсыз ұшатын аппарат, полицияға арналған бейнебақылау көзілдіріктері, жаяу сақшыларға төсбелгі сынды заманауи жабдықтарды жасауды жоспарлап отыр.

Айжан Сейілханова, зауыт директоры:
- Мобильді комплекс 360 градусты таспалайды және көлік нөмірлерін ажырата алады. Тіпті машинаның тұраққа дұрыс қойылған немесе қойылмағанын да анықтайды. Көпірлерге, теміржол өткелдеріне қойса болады. Жолдағы қауіпсіздікі түгел бақылайды.