Хабар телеарнасы

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Қарин мырза Мемлекеттік рәміздерді қолдану және пайдалануға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Жиында өңірлерде Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға қатысты бақылауды күшейту ұсынылды. Отырыстың қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға заңнамалық базаны жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық наградалардың бірыңғай жүйесін ретке келтіру үшін бірлескен жұмыстарды өзара үйлестіруді тапсырды.