Хабар телеарнасы

Сенатта жаңа сараптамалық жинақ көпшілікке таныстырылды

Сенатта «Қазақстанның орнықты даму бағдары» атты сараптамалық жинақ көпшілікке таныстырылды.

Аталған еңбекті Сенат жанындағы сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі» жобасының түлектері бірлесіп әзірлеген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде орнықты даму қағидаттарының маңызы зор екенін атап өткен болатын. Жинақта осы мақсаттарды іске асыру жолдары көрсетілген.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, кедейлікті жою, денсаулық сақтау мен білім деңгейін арттыру, су сапасын жақсарту және экономикалық өсу мәселелеріне аса мән берілген. Аталған жинақ депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлер және сарапшылар үшін де пайдалы құрал болады.