Елімізде 300-ге жуық судья жетіспейді
Бұл мәселе Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерттің Петропавлдағы сот жүйесі мамандарымен кездесуінде талқылады. Судьялардың айтуынша, қазір қарапайым сот отырысының хатшысын табу өте қиын. Басты себеп – төмен жалақы. 130 мың теңгеге ешкімнің жұмыс істегісі жоқ. Халық қалаулысы судьялардың ұсынысын тыңдап, өзара пікір алыасты.
Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Жуырда еліміздің сот жүйесін дамыту үшін тиісті заңға өзгерту енгізілді. Бірақ оны жүзеге асыру үшін білікті мамандар керек. Бұл ретте судьялардың жағдайын жасап, университет түлектерін де ынталандырған жөн.
Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Наумова Қарағанды қаласына жұмыс сапары барысында медицина саласының мамандарымен кездесті. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының жұмысымен танысып, ерекше балаларға арналған оңалту орталығын аралап көрді. Сала мамандарының айтуынша, елімізде туа бітті сал ауруына шалдыққан 18 жастан асқан жандарға оңалту орталықтары жетіспейді.