Хабар телеарнасы

Шымкентте қарақұрттан жапа шеккендер көбейді

Улы жәндік былтыр 17 адамды шақса, биыл жаз ортасында 20 дерек тіркелген.

Зиянкестен зардап шеккен бес науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Қалғандары стационарлық емнен соң, үйлеріне қайтарылған. Дегенмен олар бақылауға алынды.

Қауіпті қарақұрт құрылыс алаңында қаптаған. Сонымен қатар қора-жайлар мен сыз тартқан жерлерде көп. Сондықтан мамандар аса сақ болу керектігін ескертеді.

Мәдина Ермаханбетова, қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Тамыздың аяғына дейін мүмкін әлі де шаққаннан адамдар келіп түсуі мүмкін. Біз былтырғы 2023 жылды 17 деген санмен жапқан болсақ, биыл сол 20-ға жетті. Оның біз басты байланыстыратын себептеріміз құрылыс өте көп. Жалпы қарақұрт кәдімгі кең далаларда, ашық алаңдарда жүреді.