«Таза Қазақстан»: Ақмола облысы аумағынан 80 мың тонна қоқыс шығарылды
Ақмола облысы Бурабай ауданында өзен-көлдердің жағасы мен Абылай хан алаңы қоқыстан тазартылды. Тұрмыстық қалдықтарды жинауға 300-ге жуық адам жұмылдырылған. Олардың қатарында еріктілермен қоса, жергілікті тұрғындар да бар. Тіпті кейбірі отбасымен келіп, ортақ іске өз үлесін қосты. «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы облыс аумағынан 80 мың тонна қоқыс шығарылған.
Айнұр Қапжанова, волонтёр:
-Өз Отанын сүйетін адам ол шынымен де Отанның игілігі үшін тазалықта ұстайды. Жалпы қазақстандықтарды тазалыққа шақырамыз. Өтінеміз, қоқыстарды қоқыс жәшігіне тастаңыздар. Бұл тек Бурабай аудандарының тұрғындарына қатысты емес, барша туристерді тазалықты сақтауға шақырамыз.