Хабар телеарнасы

Алматы базарында ұлттық спорт түрлерінің фестивалі басталды

Базарда жұмыс істейтін жастар асық атып, арқан тартысып, қошқар мен кір тасын көтеріп, кілемде белдесті. Қалалық жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара дәстүрге айналып келеді. Жоба бірінші кезекте базар жастарының бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып, халық ойындарын кеңінен насихаттамақ. Тұрақты жұмысы жоқ жастарды қоғамдық еңбекке тарту. Жалпы ұлттық спорт ойындары қаладағы ірі базарларда өткізіледі. Үздік спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Әзиз Қажденбек, қалалық жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Жобаларға атсалысқым келеді деген жастар өздері ұйымдастырып жатыр. Сондықтан мен ойлаймын бұл жобаның болашағы өте кең. Осы жылы да жоқ дегенде 20-дан астам базарларда, осындай әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыратын боламыз.