Хабар телеарнасы

АЭС-те жұмыс істейтін білікті мамандар қажет – сарапшы

Канададағы Онтарио технологиялық университеті энергетика және ядролық инженерия департаментінің профессоры Акира Токухиро Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жайлы өз пікірін айтты.

Ең алдымен, атом электр станциясында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар қажет. Сарапшының айтуынша, оларды жергілікті университеттерде дайындаумен қатар жастарды атом энергетикасы саласы дамыған елдерге оқуға жіберу қажет.

Акира Токухиро, профессор, Онтарио технологиялық университетінің деканы:

- Қазақстанда 20 млн-дай адам тұрады. Елде техникалық университеттер мен колледждер жеткілікті. Бірақ мамандарды дайындауға уақыт кетеді, сондықтан бұл істі ертерек бастау қажет. Алғашында мамандарды Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей секілді елдерден шақыртуға да болады. Менің ойымша, түрлі елдерден сарапшылар мен ұстаздарды тарту қажет. Бұл түрлі тәжірибені меңгеріп алу үшін таптырмас әдіс.