Тұран жолбарысы түп мекеніне оралды
Нидерландыдан екі амур жолбарысы Қазақстанға жеткізіліп, Іле-Балқаш резерватына жіберілді. Аналық жолбарыс 12 жаста, ері 9-да. Жолбарыстар уақытша арнайы қоршауда ұсталғанымен, кейін ашық табиғатқа жіберіледі. Бұл - дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қолдауымен жүзеге асып жатқан жоба. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, Ресейден тағы 4 жолбарыс елге әкелінеді. Ал бұған дейін жеткізілген Тұран жолбарыстары жерсініп кету үшін Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Есіл өзенінің шығысы таңдалған. Еске сала кетейік, 15 жыл бұрын Қазақстан мысық-тұқымдас жабайы жыртқышты тарихи отанына қайта оралтуға дайын екендігін мәлімдеген еді. Сол мақсатта Балқаш маңы қайта қалпына келтірілді.
Данияр Тұрғамбаев, ҚР ЭТРМ комитет төрағасы:
-Жол ақысының бәрі сол Голландия жағынан қаржыландырылды және жабайы аңдар фондымен осы жобаны әрі қарай қаржыландыруға келісімге келдік. Болашақта жолбарыстардан алынған тұқымды осы табиғатқа жібереміз деп жоспарлап отырмыз.
Тағы бір ақпарат, ел аумағында касқыр көбейген. Экология және табиғи ресурстар министрлігі, жазықта жүрген жыртқышты атуға рұқсат беріп отыр. Мәселен, биыл 6 мыңға жуық қасқырды реттеуге квота бөлінген. Одан бөлек, аюларды атуға 176 лимит қарастырылыпты. Бұл Тянь-Шань аюына қатысы жоқ екенін айта кетейік.