Әскерилер су тасқынымен күресуді жалғастырып жатыр
«Ұлттық ұлан» жауынгерлері адамдар мен үй жануарларын қауіпсіз жерлерге көшіріп, гуманитарлық көмек тасуға көмектесуде. Одан бөлек мал-мүліктің тоналуына жол бермеу үшін полицейлермен бірлесіп, су басқан мекендерде кезекшілік атқарады. Сарбаздар топан судан қашқан елдің тұрмыстық заттарын, құрғақ жерге шығаруға да қол ұшын созып жатыр. Өзен-көлдердің жағалауын нығайтуға да үлес қосып, су арналарын тазарту жұмыстарына қатысуда. Табиғат апатымен күреске ел бойынша Ұлттық ұланның 1,5 мыңнан астам әскери қызметшісі тартылды.
Мақсат Арынұлы, «Ұлттық ұлан» баспасөз қызметінің өкілі:
-Алтынсарин ауылының тұрғындары, сондай-ақ, Ұлттық ұланның жауынгерлері бұл сумен қанша алысса да тоқтата алмады. Қазір үй іргесінің өзінде тізеден келеді. Мына жағына бару, тіпті қиын. Біз бұл жерге түсірілім жүргізгелі жарты сағаттың көлемі болды. Минут санап судың мөлшері көбейіп барады.