Павлодарда кітапханашылардың облыстық форумы өтті
Павлодарда кітапханашылардың облыстық форумы өтті. Сала мамандарының кәсіби мерекесіне орай, үздік кітапханашыларға құрмет көрсетілді. Еңбек өтілі отыз жылдан асқан мамандардың портреті көрмеге қойылған. Бүгінгі таңда кітапхана көпқырлы білімнің қайнар көзі ғана емес, бос уақытты тиімді өткізетін заманауи орталыққа айналған. Павлодар облысында кітапханалар желісі кең ауқымды жаңғыртудан өтті. Ауыл кітапханаларында әдеттегі кітап сөрелері мен оқырман залынан бөлек, коворкинг орталықтары ашылған. Онда жастарды кітап оқуға баулитын түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Айзада Жұмаділова, кітапханашы:
-Жалпы кітапханаға деген қазіргі таңдағы адамдардың ойы өзгерді. Әсіресе біздің аудандағы балаларымыз біздің кітапханаға жаздың уақытында кәдімгідей келуге құлшынып тұрады. Қазір бізде көптеген коворкинг орталықтар бар. Сол жерде біздер әртүрлі темактикалық іс-шараларды өткізу арқылы жаңағы балаларды, жастарды өзімізге тарту үстіндеміз.