Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында 332 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Жамбыл облысында автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына салғырт қараған 332 лауазымды тұлғаға 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Жол-техникалық инспекцияның қызметкерлері жыл басынан бері 2 мың 700-ге жуық тексеріс жүргізген. 12 мыңнан аса ақау анықталды. Мәселен, қала көшелерінде бағдаршамдар істен шығып, көп жерде жолақ сүртіліп қалған. Ал республикалық маңызға ие жолдардың ойық-шұңқыры көп. Жалпы 1300-ден аса жол белігісін ауыстыру қажет. Комисcия кемшіліктерді жою үшін жол жөндеу мекемелері мен жергілікті атқарушы органдарға нұсқама жолдады. 

Николай Сон, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

-Жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері берген нұсқамаларды орындамағаны үшін Тараз қаласы әкімдігінің, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 69 лауазымды тұлғаға жұмысына селқос қарағаны үшін 7 миллион теңге көлеміне айыппұл салынды.