Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Ол қайтарылған активтер есебінен жүзеге асады. Үкімет тиісті шешімді қабылдады. Жаңа көпсалалы кешеннің ауданы – 40 мың шаршы метр. Онда 200 орындық стационар мен бір ауысымда 500 адамды қабылдауға жағдай жасалмақ. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, құрылыс алаңымен танысқан еді. Енді жоба жүзеге асып, алдағы уақытта Риддер тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтерімен қамтылады. Бұған дейін қаражат Ақтөбе, Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы маңызды әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.