Хабар телеарнасы

Сенаторлар қойма куәлігі туралы жаңа ережелерді мақұлдады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді беру туралы заң қаралды. Аталған құжат ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тауарын сату мүмкіндігін арттырады деп күтілуде. Заң Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жұмыс істеуге арналған. Яғни нарықтық мүмкіндіктер көп. Мәселен, электронды сауданы дамытуға ықпал етеді деп болжанып отыр.

Сондай-ақ құжатта тауарларға куәліктер беру, оларды айналымға шығару тетіктері де бар. Мамандар сол куәліктерді алу арқылы азаматтарымыз оны кепіл ретінде қолдана алатындығын айтады. Демек олардың қаржылық ресурстарға қолжетімділігі артады. Қазақстанның қойма куәліктері Еуразиялық экономикалық одақ нарығында толыққанды мойындалады.