Хабар телеарнасы

Биыл Қазақстанда құны $1,1 млрд болатын 22 инвестициялық жоба іске асырылды

Биыл елімізде құны 1 миллиард 100 миллион теңге болатын 22 инвестициялық жоба іске асырылды. Соның нәтижесінде 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Ұлттық компания дерегінше Алматы облысында вольфрам кендерін өңдеу, Алматы қаласында ісікке қарсы бірегей препараттар шығаратын кәсіпорындар іске қосылған. Сонымен қатар 7 жоба бойынша келісімдерге қол қойылған. Оның ішінде сүт өнімдерін өндіру, жылыжай кешені, тағы басқа кәсіпорындар бар. «Kazakh Invest» алдағы үш жылда елімізге 10 млрд доллар тартуды жоспарлап отыр.