Хабар телеарнасы

Ақтау ауруханасындағы үш әзербайжандық жолаушы еліне оралады

Ақтаудағы ауруханада жатқан әзербайжандық үш жолаушы бүгін еліне жіберіледі.

Бұған дейін олар жансақтау бөліміне түскен еді. Бүгінде екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылса, біреуінің жағдайы оңала бастаған. Дәрігерлер науқастардың жағдайы көшіруге жарамды, - деп оларды еліне қайтару туралы шешімді ұйғарды. Қазір бұл науқастар - Ақтау ауруханасында жатқан ұшақ жолаушыларының соңғы легі. Түнде 3 қырғызстандық жолаушы елдеріне жол тартқан еді. Жергілікті тұрғындар оларды әуежайдан шығарып салды.