Сарапшылар ұшқыштардың әрекетін жоғары бағалап отыр
Әзербайжан президенті: «Экипаждың кәсіби мықтылығы арқасында 29 адам аман қалды», - деді.
Сарапшы мамандар да ұшқыштардың әрекетін жоғары бағалап отыр. «Дей-Аз» басылымы ұшқыштар соңғы сәтке дейін ұшақты сақтап қалуға тырысып, өз міндеттерін кәсіби атқарған, - деп жазды. Тұманның кесірінен әуелі Грозный, ал кейін Махачкала әуежайы қабылдаудан бас тартты. Басқару құралдары істен шыққанынан қарамастан, Каспий теңізін асып, Ақтау әуежайына бағыт алды.
Бұрынғы әскери ұшқыш, Файтбомбер телеграм арнасының авторы, ұшақ теңізге құласа, ешкім аман қалмайтын еді, - дейді. Жолсеріктер де өз міндеттерін жақсы атқарып, жолаушыларға нақты нұсқау беріп тұрған. Осының арқасында ұшақ ішінде дүрбелең болған жоқ. Әзербайжан эйрлайнс компаниясының басшысы Самир Рзаевтың айтуынша, экипаж мүшелері соңғы сәтке дейін ерлік танытып, өз есімдерін тарихта қалдырды.