Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қаңтардың 11-і мен 12-сі елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының өндірушілері төл өнімін ұсынбақ. Астаналықтар көкөніс, жеміс, ет-сүт, ұн және кондитерлік өнімді сатып ала алады. Жәрмеңке «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында демалыс сайын таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін ашық болады.