Хабар телеарнасы

«Бірлік жолы» көрмесі ашылды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік жолы» көрмесі ашылды. Онда Тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін құнды дерек пен фотосуреттер қойылған. Оған қоса Ассамблеяның институционалдық мәртебесін айқындайтын негізгі құжаттар, публицистикалық және мемориалдық жанрдағы материал көпшілік назарына ұсынылды. 

Юри Серебрянский, жазушы:

-Кітап 2 бөлімнен тұрады, менің фантастикам және депортацияланған поляктардың естеліктері. Бұл шығарма поляктардың қазақстанға жер аударылуы жайлы баяндайды. 40 жастан асқан ұрпақ үшін бұл өте қажет туынды деп ойлаймын. Кітаптың миссиясы түрлі ұрпақ өкілдеріне оқиғаны жеткізу.