Елордада ҚХА-ның 30 жылдығына арналған көрме ашылды
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды.
Президенттік орталықта өткен іс-шараға Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Ассамблеяның қалыптасуы мен даму тарихын көрсететін 100-ге жуық экспонат көпшілік назарына ұсынылды. Көрме 25 наурызға дейін жалғасады.
Ботагөз Қайыпова, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары:
- Ассамблеяның тарихына ерекше мән беруге тырыстық. Ал енді көрмеміз 2 бөліктен тұрады. Біреуі тарихын көрсетеді, екіншісі қазіргі уақытта Ассамблеяның көпұлтты мемлекетіміздегі конфессияаралық және этносаралық саясатты жүзеге асыру барысындағы нәтижелерімен бөліссе, сонымен қатар жалпы идеясы өте күрделі.