Хабар телеарнасы

Атырау облысында тарихи жәдігерлер табылды

Атырау облысында бұрын-соңды кездеспеген тарихи жәдігерлер табылды.

Қызылқоға ауданының маңынан қазылған Шошақшағыл ескерткіші б.з.д. V-IV мыңжылдыққа жататын археологиялық жаңалық. Энеолит дәуіріне тиесілі тұрақтан 8 қабір қазылып, одан тас және мыс білезіктер, моншақтар, тастан жасалған құралдар табылды. Ал Индер ауданы Елтай ауылының тұсынан табылған темір сауытты жауынгердің мүрдесі Оғыз-Хазар мәдениетіне тиесілі,- дейді археологтар. Қазба жұмыстары кезінде сауытпен бірге Қытай жібегінің қалдығы және қару-жарақ пен сауыт-сайман табылған. 

Ғаламат Базарбаев, археолог:

- Қазіргі таңда облыс көлемінде 3 осындай темір сауытты жауынгер анықталып отыр. Бұлардың барлықтары да шартты түрде, яғни салыстырмалы түрде зерттеу жұмыстары барысында 9-11 ғасырға тиесілі. Бұл дегеніміз Оғыз-Хазар мәдениетінің Батыс Қазақстан облысында үлкен рөл атқарғандығын көруімізге болады.