Астанада «Ай астындағы әңгіме» кітабының таныстырылымы өтті
Халық артисі Талғат Теменовтың «Ай астындағы әңгіме» атты кітабының таныстырылы өтті. Тұсаукесерге Мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кітапта автордың соңғы жылдары жазылған эсселері мен очерктері, сұхбаттары мен сценарийлері топтастырылған.
Аталған кітапты қолына алған оқырман кино және театр режиссеры Талғат Теменовтың бала күннен өлең және повесть жазғанын аңғарады. «Кәсібім де, нәсібім де – өнер» дейтін кинодраматург бұл жинақта «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Махаббат бекеті», «Көшпенділер» секілді фильмдердің оқырман білмейтін тұстарымен таныстырып, театр сахнасындағы үзік сырларын ақтарады. Өнер айдынындағы бірегей тұлғалар туралы естеліктерімен бөліседі.
Дархан Қыдырәлі, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Ол кісі енді тек қана режиссер, сценарист, талантты театр тарланы ғана емес, сонымен қатар қаламы жүйрік публицист, керемет эсселердің авторы, бүгінгі кітаптан соны көреміз. Ол кісінің жалпы енді қойылымдарында да музыканы қалай ойнататынын білеміз. Тәкеннің ақындығы да бір төбе. Сонымен қатар мына әлеуметтік желі арқылы да қоғамдағы үлкен мәселелерге, өзекті, өткір мәселелерге өзінің үнін қосып отырады.