Хабар

Астанада 300-ге жуық қолөнерші бас қосты

Астанада 300-ге жуық қолөнерші бас қосты. Олар көшпенділердің мәдени мұрасы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнап түрлі бұйым мен туынды жасап шығарған. 

Көрмеде қамшыдан бастап, оюлы көрпе-жастық пен түрлі қуыршаққа дейін бар. Қолөнершілердің арасында Ресей, Қырғызстан, Түркия сынды көрші елдерден келген қатысушылар да бар. Олар 2 күн бойы шеберлік сабағына қатысып, өзара тәжірибе алмасады.

Нұрлыбек Оразбекұлы, Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі:

- Абай Құнанбайұлының портретін скриканрта арқылы жасадым. 2 апта уақытым кетті. Жалпы жіппен, шегемен жасаймыз. Кейінгі ұрпаққа осыны көрсетіп, дәріптеуіміз керек.

Қарлығаш Жанғазақова, С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының директоры:

- Республиканың жан-жағынан келген барлық адамның мақсаты баланың бойына осы ұлттық құндылықты кәсіби тұрғыда сіңдіру.