Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты сурет көрмесі ашылды.
Әскери-тарихи музейде өткен ашылу салтанатына Парламент депутаттары мен сурет академиясының мүшелері қатысты. Елорда тұрғындары мен қонақтарына белгілі суретшілердің, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінің еңбегі ұсынылды. Көрме 1 ай бойы жұмыс істейді.
Дәулет Қадіров, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейінің басшысы:
- Бұл жерде 100-ден астам еңбек қойылған. Бұлардың әрқайсысының тақырыбы ҰОС, кей жерлерде майдан алаңдары көрсетілген, кейбіреуінде ҰОС ерлік көрсеткен батыр тұлғалардың порттері. Одан бөлек, елімізде тылда еңбек еткен азаматтарымыздың ерліктері өнер арқылы көрсетілген.
Мақсат Қаңтарбаев, Суретшілер одағының мүшесі:
- Астанадан кейін Алматыға барамыз. 2 мамыр күні осындай көрме ұйымдастырамыз. Шамамыз келгенше барлық региондарда осындай көрме жасаймыз.