Павлодарда «Кітапхана түні» өтіп жатыр. LIVE

  • 615
  • 22.04.2025, 18:32

Халықаралық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылған акцияның мақсаты  халықты көркем шығармаларды оқуға баулу. Рухани-мәдени орталықта қандай қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр?

Қарлығаш Қасиетова, тілші: 

- «Кітапхана түні» науқаны аясында ұйымдастырушылар «Ауыл кеші көңілді» деген тақырып таңдаған екен. Соған сәйкес кітапхана іші төрт алаңға, дәлірек айтсақ, төрт ауылға бөлінген. Павлодар облысы тарихта есімі алтын әріппен жазылған тұлғаларға өте бай өлке. Биыл Жаяу Мұса Байжанов, Майра Шамсутдинова, Иса Байзақов және Қалмұқан Исабаевтың мерейтойлары атап өтіледі. Кітапхана түніне келген қонақтар осы аты аталған тұлғалардың ауылына аялдайды. Ал «Достық ауылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған. Қазір С.Торайғыров атындағы кітапхананың басшысы Шолпан Шахметованы сөзге тартқым келіп тұр. С. Торайғыров атындағы кітапхана қорында қанша ғылыми еңбек пен туынды сақталған? Бүгінгі кеште қандай қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады?

Кітапхана түнін тамашалап келген қонақтарға көрме, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі және айтыс ұйымдастырылған. Байқаулар мен ой сайыстары да кітапсүйер қауымды қызықтырары анық.