Ұлттық кітап күні Талдықорғанда ерекше аталып өтті

  • 637
  • 22.04.2025, 18:44

Ұлттық кітап күніне орай Талдықорғанда «Кітап – мәңгілік мұра» атты жәрмеңке өтті.

Көпшілік назарына қиял-ғажайып, ертегілер, әдеби-тарихи туындылар мен ұлт перзенттері туралы ғұмырнамалар ұсынылған. Сонымен қатар «Жетісудың рухани қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары қалаған кітабын оқып, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жырсүйер қауым орталықтағы сахна төріне көтеріліп, елімізге танымал ақындардың өлеңін оқыды. Жастарға ел тарихынан сұрақтар қойылып, жауабын тапқандарға кітап тарту етілді. Өнерпаздар оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқап, қалалықтарға рухани кеш сыйлады.

Арайлым Жұмағазықызы, қала тұрғыны:

- Ұлым бар, қызым бар. Оларға кішкентай кезінен Абайдың өлеңдерімен сусындатып, жаттатып өсіргім келеді. Абайдың өлеңдерін жаттап өскен бала елін, отанын жақсы көретін, тарихты жақсы білетін бала болып өседі деп ойлаймын.

Самал Шаяхметова, кітапхана директоры:

- Биыл Ұлттық кітап күні ерекше атап өтілуде. Апталық ретінде бүкіл Жетісу облысының кітапханалары болып, 200-ден астам, 300-ге жуық шара ұйымдастырудамыз.