23 сәуір күні елімізде алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіледі.
Мерекеге орай Астанада үздік жыл кітабы анықталды. Бұл номинацияны Ақберген Елгезектің «Болмаған балалық шақ» атты еңбегі ұтты. Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер», Елдос Тоқтарбайдың «Тау құсы» деген шығармалары да оқырман көңілінен шыққан.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үздік еңбектерді оқырмандардың ең жиі алған кітаптары негізінде таңдағандарын айтады. Әрине, мерекеде қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттырып жүрген жанашыр жандар да ескерусіз қалған жоқ. Олар «Үздік оқырман», «Үздік жас жазушы», «Кітапхана жанашыры» сынды 9 аталым бойынша марапатталды.
Гүлбадам Мәдібаева, Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысы:
- Кітап оқыған оқырман біз үшін ең сыйлы, ең құрметті оқырман. Біз енді кітапханашылар халығымыз кітап оқысын, рухани бай болсын, - деп таңертеңнен кешке дейін жұмыс жасап жүрміз ғой. Оларға да сый-құрмет ретінде осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз.