Ақтөбеде «Кітап – даналық кілті» фестивалі басталды

  • 662
  • 23.04.2025, 18:47

Ақтөбеде «Кітап даналық кілті» фестивалі басталды. Жаз бойы әр сенбі сайын шаһардың орталық саябақтары мен алаңдарында көшпелі кітапхана жұмыс істейді. Басты мақсат – оқырмандарға түрлі шығармашылық алаңдарын ұсынып, жастардың рухани мәдениетін арттыру. Кітап көрмелерінен бөлек, поэзия және «Дебат» жастар алаңы бар. Ал библиокафеде халық жазушылары мен ақындардың жауһар туындыларын электронды құрылғыға жүктеп оқуға болады. 

Гүлнәр Салиева, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры: 

- Кітапті қолға алып, одан алған ләззат электронды кітапқа жетпейді. Кітаптың иісін сезіп, таза ауада өзіңін ыңғайлы жағында отырып оқыған ол басқа. Екеуінікі екі бөлек. Тек бір кітапхананың өзіндегі оқырман саны 5 мыңнан асып кетті. Ал енді оқырман залында отырғандар одан да көп.