Түркістанда ашық аспан астындағы кітап көрмесі өтті

  • 56
  • 23.04.2025, 18:37

«Кітаппен үндесу уақыты» атты флешмоб ұйымдастырылып, қала тұрғындары сүйікті авторларының шығармасын оқуға мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, Ұлттық ұланның әскери бөлімшесінде облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының жылжымалы бөлімшесі ашылды. Басты мақсат сарбаздардың рухын көтеру және көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту. 

Төлеген Шыныбеков, әскери бөлімнің командирі:

- Мақсатымыз біздің сарбаздарымыздың кітап оқып, білім алуы. Кітап оқыған адам бай болады дейді. Демалыс күндері, бос уақытында кітап оқығанын жөн көрдік. Ұсыныс жасап, бұл кісілер қолдап, бүгінгі таңда мыңға жуық кітап әкеліп, жылжымалы кітапхана ашып берді.