Астанаға келген қандастар ұлттық өнермен таңғалдырды

  • 40
  • 28.04.2025, 18:44

«Қандаспен жеткен қазына». Атажұртқа келген ағайын Астанада өнер көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Халқымыздың бай мұрасынан сыр шерткен көрме өткізіп, ән мен жырдан шашу шашты.

Мәдени шарада қандастардың төлтума өнері, көне әндері мен күй мұрасы жаңғырды. Концерттік бағдарламаға филармония ұжымының өкілдері де қатысты.

Бота Баманқызы, «Бота» қолғанат орталығының жетекшісі:

- Президентіміз Ұлттық құрылтайда осы ұлттық құндылыққа баса назар аударғанын білеміз ғой. «Бота» қолғанат орталығы осындай бір ауқымды іс-шараларды, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, паш ету мақсатында ұйымдастырып жатырмыз. Бұл Астана қаласында қандастардың бірінші рет басқосуы деуге болады.