Алматылықтар Бірлік күнін қалай атап өтеді? LIVE

  • 25
  • 01.05.2025, 09:22

Бірлігі жарасқан Алматы. Еліміздің ең ірі мегополисіндегі Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара осындай атаумен өтеді. Достық фестивалі, көрме, флешмоб, концерт, спорттық жарыстар да ұйымдастырылмақ. Алматылық тілшіміз Қарлығаш Қайыпбекова қазір бізбен тікелей байланысқа қосылды. Қарлығаш, сіз тікелей эфирдесіз. Бүгінгі мерекеге Алматының тартуы қандай болмақ?  

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

-Армысыздар! Алматы ауқымы жағынан да, халқының саны жағынан еліміздегі ең үлкен қала. «Деректерге сүйенсек, әлемде 256 ұлт бар екен. Соның 130-дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Алатау бөктеріндегі әсем қаладан осы ұлт өкілдерінің барлығын кездестіруге болады»,– десем, артық айтпағандық. Қазір этномәдени орталықтың саны 40-қа жетіп қалды. Мерекелік шараның «Бірлігі жарасқан Алматы» деп аталуы да содан. Еске сала кетейін, Алматыда әзірге жеке ғимаратта орналасқан бір ғана Достық үйі бар. Жақында қала әкімі тағы бір Достық үйінің салынатынын хабарлады. Бүгін мерекеге орай басты салтанатты іс шара біз тұрған Республика сарайының алдындағы Абай алаңында сағат 10:00-да басталады. Қазір міне халық ақырындап жиналып жатыр. Концерттік бағдарламада еліміздің этникалық және мәдени саналуандығы паш етіледі. Оған қоса, көпшілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихына арналған фотокөрме күтеді. Сонымен қатар Тұңғыш Президент паркінде жүгіруден жарыс өтеді. Марафонға 300-ден аса адам қатыспақшы. Қазір менің жанымда орыс мәдени орталығының мүшесі Анна Ульченко тұр. 

Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданында өтеді. Әлеуметтік жәрмеңкелер, спорттық турнирлер, абаттандыру акциялары мен қайырымдылық шаралары жоспарланған. Ал кешке Абай алаңында алматылықтарды және мегаполис қонақтарын Қазақстан эстрадасының жұлдыздарымен үлкен шоу-концерт күтеді. «Қазақстанның ең ұзын лағманы» әзірленіп, жаңа Қазақстан рекорды тіркелмек.