Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездесті

  • 61
  • 27.05.2025, 18:56

Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен «D&DEARS» атты кездесуіне 40-тан астам елден жанкүйерлері келді. Қазақстанның Халық артисі 4 сағатқа жуық сүйікті тыңдармандарымен емен-жарқын сұхбат құрды. Димаштың кездесуіне билеттер екі-ақ күнде сатылып кеткен.

Шығармашылық кешке 10 мыңға тарта адам жиналды. Димаштың жанкүйерлері жыл сайын туған күніне орай кездесу өткізетінін жақсы біледі. Қайда болса да іздеп барады. Былтыр мұндай ауқымды шара Ыстамбұлда өткен еді.

Димаш Құдайберген осы кездесуге әлеуметтік желіде жарқ ете қалған атыраулық 14 жастағы дзюдошы Иса Бекболатты шақырды. Жас өнерпаз бұл жолы Ақан Серінің «Балқадишасын» мыңдаған тыңдарман жиналған үлкен сахнада шырқады. Жезтаңдай әнші бұрынғы хит әндермен қоса, жаңа композициясын орындады. Бүгіннен бастап Димаштың «Stranger» шоуы кинотеатрларда көрсетіле бастайды.