«Анаға құрмет» музейінде ұлт театрының аналары таныстырылды

  • 137
  • 28.05.2025, 18:45

Алматы облысындағы «Анаға құрмет» музейінде театр сахнасының саңлақтары, әйгілі актрисалардың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт театрының аналары» атты көрме ашылды. Келушілерге өнер ордасының алтын дәуірінде еңбек еткен актрисалардың түпнұсқа фотосуреттері, қолжазбалары, афишалары мен портреттері ұсынылды.

Сондай-ақ сахналық киімдері қойылған. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекова өз қолымен кестелеп тіккен кимешек те бар. 

Шәмшагүл Меңдиярова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі:

- Біз театрға келгенде Сабира апам, Хабиба апам, Бикен апам, Хадиша апам Фарида апай бәрінің дүрілдеп тұрған кезі болатын. Біз солардың әрқайсысынан театрда қалай ойнау керек, сөзді қалай айту керек екенін үйрендік. Әрқайсысына бір кино, роман жазуға болады.