Әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне билеттер сатылымға шықты.
Әншінің өнеріне тәнті тыңдармандар таңғы оннан бастап онлайн кассаға кезекке тұрды. Билет құны - 40 мың мен 180 мың теңгенің аралағында.
Дженифер Лопестің концерті 10-шы тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Оған дейін әнші Астанада концерт береді. Осыған орай Орталық стадионда өтетін «Қайрат пен Жеңіс» футбол клубтарының ойыны кейінге шегерілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алынған билет ауыстырылмайды және кері қайтарылмайды. Және бір адамға 10 билеттен артық берілмейді.
Нәйлә Оразова, қала тұрғыны:
- Дженнифер Лопестің келгені жақсы себеп негізі. Алматы қаласын көркейтуге, туризмді дамытуға, басқа елден адамдардың келуіне мүмкіндік береді. Дженнифер Лопестің келуі осындай себептердің бірі.
Шах Хузайб, студент, Үндістан:
- Мен де Джей Лоның өнерін қатты құрметтеймін. Өзім студентпін. 40 мыңдық билет алғым келген. Бірақ үлгермедім. Арзан билеттер тез сатылып кетті. Енді үстіне көп қоспаса, алыпсатарлардан алатын шығармын.