Димаш Құдайберген Лондонда жанкүйерлерімен жүздесті

  • 74
  • 06.06.2025, 18:46

Атақты әнші алдағы күзде Лондонда жеке концертін беруді жоспарлап отыр.

Фан-кездесуге әрісі Америка, берісі Еуропадан ат арылтып жеткен жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Олар қазақ әншісінің сүйікті тағамынан бастап, фильміне дейін білгісі келді. Димаш ағылшын, орыс және әлбетте, ана тілінде жауап берді. Өйткені «диарстар» да қазақша сөйлейді. Ана тіліміздегі әндерді жатқа айтады. Ұлттық құндылықтарымызды құрметтейді.

Бұған дейін Қазақстан туралы аз-кем білетіндер қазір елімізге жиі саяхаттайтын болған. Осының барлығы талантымен таңдай қақтырған Димаштың арқасы.

Дженаина Хибейру, жанкүйер (Бразилия):

- Мен бұл әнді жақсы көремін. Өте көп дайындалдым. Өйткені қазақ тілі мен үшін кішкене қиындау. Өзім Бразилиядан болған соң Димаштың елімізге келіп, концертін өткізгенін қалаймын.

Димаш Құдайберген, Қазақстанның халық артисі:

- Ол кісілердің көңілдеріне, кіршіксіз, риясыз махабаттарына рақмет айтайын. Әлі күнге дейін менің шашбауымды көтеріп, мені көбірек насихаттауға жұмыстанып жүргендігіне рақмет айтайын.